Ақтөбеде дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандар ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті медициналық препараттарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша жедел іс-шара жүргізді. Полиция қызметкерлері рейд кезінде дәрі-дәрмекті интернет арқылы заңсыз сатқандарды анықтады.

Тексеру кезінде «Цефтриаксон» дәрісінің әр ампуласын 1 000 теңгеден сатқан адам ұсталды. Ал бұл антибиотиктің әр ампуласы 150-200 теңге болуы тиіс. Жедел іс-шара жүргізу барысында 27 жастағы ер адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері 31 және 26 жастағы екі ақтөбелікті бөлімшеге жеткізді. Олар әлеуметтік желі арқылы дәрі-дәрмек сатқан. Ер адамнан «Ингавериннің» 60 ампуласы, «Центриаксонның» 300 ампуласы мен «Дексамезонның» 29 ампуласы тәркіленді. Екіншісінен «Цефтриаксонның» 3 ампуласы, «Цефазалиннің» 50 ампуласы, «Азитромициннің» 3 ампуласы алынды. Барлық факті бойынша тексеру басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар