Ақтөбеде диспансерлік есепте тұрған адамдардың қару ұстайтыны белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде психиатр мен наркологтың есебінде тұрған 49 адам қару-жарақ ұстауға рұқсат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы қару-жарақты сатып алу, рұқсат беру заңдылығын тексерді.

Тексеру нәжижесінде қару ұстауға рұқсаты бар 49 адамның түрлі кезеңде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықта есепте тұрғаны анықталды.

Оның 46-сы нарколог және үшеуі психиатрдың тізіміне алынған.

«Көбі алдымен қару-жарақ ұстауға рұқсат алып, кейін дәрігер есебіне іліккен. Сондықтан олқылықты түзету үшін деректерді үнемі тексеруге, салыстырып отыруға ұйғарым берілді», - деп хабарлады прокурор Жасұлан Дәулембев.

Айта кетейік, өңірде қазір «Қару» жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 45 қаруды алды.

«Оның ішінде үш ойық, 37 тегіс ұңғылы, бір травматикалық, үш газдық және бір электрлі қару тәркіленді.Сонымен қатар ойық және тегіс ұңғылы қаруға 47 дана патрон алынды. Адамдардан 219 дана суық қару (пышақ) тәркіленді. Рейд кезінде 6 мыңнан астам атыс қаруының иесі тексерілді. Тексеру нәтижесінде 235 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 37-і қаруды заңсыз сақтап, 140-ы қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар