Ақтөбеде екі күнде мас күйінде көлік жүргізген 6 жүргізуші ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі күн ішінде 6 жүргізуші 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде мас күйінде автокөлік жүргізгендердің жазасы күшейді. Қазіргі уақытта Ақтөбеде 6 жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Полиция 6 жүргізушіні мас күйінде ұстады. Олар 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен 39 жастағы жүргізушіні ұстап, автокөлікті айып тұрағына қойды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Соңғы жаңалықтар