USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбеде екі күннен кейін ТЖ режимі аяқталуы мүмкін – облыс әкімі

2022 жылғы 14 қаңтар 19:45
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде екі күннен кейін ТЖ режимі аяқталуы мүмкін – облыс әкімі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Екі күннен соң Ақтөбеде төтенше жағдай режимі аяқталуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде баға тұрақтылығы үшін жергілікті тауар өндірушілерге субсидия беріледі Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі 33 адамды құтқарды Ақтөбеде жастарға қайтарымсыз грант беру жалғасады

Ақтөбе облысында әкімдік ғимаратынан өзге нысан бүлінген жоқ. Ал облыс әкімдігінің шығыны әзірге 300 млн теңге деп бағаланып отыр.

«Қазір шығын көлемі анықтап жатыр. Огртехника бүлінді. Есік-терезе сынған. Тіпті асханада қасық-шанышқыны алып кеткен. Баспасөз қызметшісінің алдындағы кітаптарға тиіспеген, бірақ компьютері бүлінген екен. Мемлекеттік қызметкерлердің жеке заттары да жоғалып кеткен. Телефон, сағаты бар», - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Сонымен бірге облыс әкімі төтегше жағдай режимін алып тастауға қатысты өз пікірін білдірді.

«Төтенше жағдай режимі Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілді. Өңірдегі жағдайды ескеріп, Мемлекет басшысына екі күннен соң төтенше жағдай режимін алып, еркін қозғалысқа рұқсат беруді сұрап, өтініш бердім. Шектеу қала тұрғындары үшін қиындық тудыратынын білемін. Әкімдік жанындағы бизнес нысандары да жұмысын жалғастырар еді. Дегенмен қауіпсіздік күшейтіледі», - деді Оңдасын Оразалин.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай аяқталғанымен, блокпосттар жұмысын жалғастыра береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT