Ақтөбеде қалта ұрыларының суреті автобустарға ілінді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үнемі ұрлық жасап, полиция тіркеуіне алынған адамдардың фотосы қоғамдық көлік ішіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалта ұрлығы дерегі бойынша облыс орталығының есебінде 78 адам тұр. Ақтөбелік полицейлер қалта ұрлығының жолын кесу негізінде «Магистраль» кешенді шарасын ұйымдастырды. Мақсаты – ұрлық фактілерінің алдын-алу және тұрғындарды сақ болуға шақыру.

«Қалта ұрлығы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл көбіне қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда жасалатын қылмыс түрі. Қалта ұрлығы дерегі бойынша облыс орталығының есебінде 78 адам тұр. Осы қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешенді шара қолға алынды. Қабылданған кешенді шаралардың арқасында қылмыс көрсеткіші 58% төмендеп отыр. 2019 жылы 660 қылмыс, осы жылы 237 қылмыс тіркеліп отыр» - деді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов. Учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған адамдарды мекенжайы бойынша тексеріп, табыс көзі және қандай іспен айналысып жүргенін бақылауға алады. Олардың пәтеріне барып, жолықты. Шара соңында аялдамалар мен қоғамдық көліктерде жиі ұрлық жасайтындардың фотосын ілді. бейнелері салынған плакаттар ілінді. Бұл қалта ұрлығының алдын алуға септігін тигізбек.


Соңғы жаңалықтар