Jańalyqtar
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке итермелеген жеңгетай ұсталды
2021 жылғы 26 ақпан 16:58
Бөлісіңіз:

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жөзекшелікпен айналысуға итермелеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының полиция департаменті, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сайттардың бірі арқылы ақшалай сыйақы үшін клиенттерге қыздарды ұсынған жеңгетайды анықтады.
«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бабымен тергеу басталды. Санкция бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбылда 200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды
- Жамбылда 46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен күдіктілер құрықталды
- Ақтөбеде аудан әкімінің орынбасары баласына жер телімін бөліп бергені үшін жазаланды
- Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды
-
Ақтөбе облысында қар жауып тұр, жүргізушілерге ескерту жасалды
-
Ақтөбеде балалар арасында коронавирусқа шалдығу жиіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER