Ақтөбеде қар құрсауында қалған көліктерден 132 адам эвакуацияланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара - Шымкент» тасжолында қалып қойған көліктерден 132 адам эвакуцияланды, оның 17-сі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарашаның алғашқы күндерінде Ақтөбеде боран соғып, жүздеген көлік қар құрсауында қалды. ТЖД көліктердің қысқа дайын болмағанын, арнайы доңғалақ салынбағанын айтты.

«Барлығы 7 жылыту орталығына 132 адам жеткізілді. Оның арасында балалар да бар. Кэмпингке жеткізілгендер тамақпен қамтамасыз етілді. Әрі көлігін тастап кетуден бас тартқан жүргізушілерге азық-түлік жеткізілді. Сонымен қатар сұйытылған көгілдір отын бар», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Боран күні Ырғыз ауданының Құрылыс, Шеңбертал, Жаныс би ауылдары жарықсыз қалды. Ол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, құтқару жұмыстарына Ырғыз аудандық атқарушы органдары, газ, жол қызметі, жергілікті полиция қызметі, орталық аурухана қатысты.

Соңғы жаңалықтар