+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылғы 19 сәуір 23:16
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мобильді топтармен қатар тұрғындар да шұғыл хабар беріп, карантин талабын бұзғандар жазаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда

Ақтөбе облысы бойынша 40-тан астам мониторинг топ бар. Олар қоғамдық тамақтану орны, қоғамдық көлік пен сауда орталықтарында карантин шектеуін сақтау талабын бақылайды.

«Мобильді топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес биыл 225 іс сотқа жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен бірге, Үйлестіру орталықтарына түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 28 тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 28 объектіге 3,5 млн теңге айыппұл салынды», - деді Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Айта кетейік, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар саны артты. Қазір 10 бала инфекциялық стационарда жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT