+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Ақтөбеде карантин талабын сақтамағандарға 177 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылғы 19 қаңтар 19:40
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде карантин талабын сақтамағандарға 177 млн теңге айыппұл салынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 9 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 177 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр Батыс Қазақстанда соңғы үш күнде 144 адамнан коронавирус табылды Қырғызстан Президенті Қазақстан басшысына коронавируспен күресте қолдауы үшін алғыс айтты

Ақтөбеде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен тәулікте 4 адамнан COVID-19 анықталды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың айтуынша, өңірдегі «Жайсаң» және «Әлімбет» санитарлық көлік бекеттері, әуе қатынасы арқылы 65 мыңнан астам адам келіп, оның 6 мыңға жуығында ПТР тест нәтижесі болмаған.

Бәрі карантин стационарына жатқызылып, 47 адамнан коронавирус анықталды.

Айта кетейік, қажет болған жағдайда кереует саны 445-тен 3603-ке дейін артады. Оның 80 пайыздан астамы оттегімен қамтылған.

Медициналық мекемелерге 21 стационарлық рентген аппараты орнатылып, өкпені жасанды желдететін 367 аппарат қондырылды.

Сонымен бірге 582 оттегі концентраты, 626 оттегі баллоны, 787 Бобров аппараты мен 461 оттегі жастығы бар.

Жедел жәрдем бекеті мен емдеу мекемелерінің автопаркі 41 санитарлық машинамен толықты, 6 мобильді диагностикалық кешен сатып алынды.

Бүгінде 47 бақылау тобы 9 мыңнан астам рейд жүргізіп, 177,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

«Біздің облыс «жасыл» аймақта тұр. Бірақ көрші облыстар мен Ресей Федерациясындағы жағдай бізге қауіпті. Әрі өңір арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтіп жатыр. COVID-19 қаупі әлі сейілген жоқ, сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Коронавирус инфекциясына қарсы екпеге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Бірінші кезеңде біздің облыста медициналық қызметкерлерді, мұғалімдерді, күштік құрылым қызметкерлерін қосқанда тұрғындардың ауруға тез шалдығатын тобын, яғни, жалпы алғанда 150 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бақылау топтары өз жұмысын жалғастыруы керек»,- деп тапсырды облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT