Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кәсіпкерден 2,5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкері полициядан көмек сұрап, арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 000 теңге ақшасын алып кеткен.

«Одан кейін 2,5 млн теңгемен бопсалаған. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілерді анықтап ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Аталған баптың санкциясында мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Соңғы жаңалықтар