Ақтөбеде көне тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмысы жалғасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде келер жылы тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе археологтары Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен бірге жұмыс істеп, бірнеше бағытта зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Олар жылды қорытындылап, алдағы жоспарын бөлісті.

«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында Ақтөбе облысында 2021-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілген.

Биыл жол картасының 14 жобасы орындалып, зерттеу жүргізілді.

Мәселен Мұғалжар ауданының аумағында сармат дәуіріндегі бірегей артефакттері бар қорым табылды.

«Келер жылға жоспарымыз көп. Ақтөбе облысының аумағы орасан зор әрі тарихи ескерткіштерге толы. Біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз»,- деді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ақан Оңғар облыс әкіміне.

Кездесуді түйіндеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың тарихи-мәдени мұраны зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.


Соңғы жаңалықтар