Ақтөбеде көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде конференциялар, семинарлар өткізуге, түнгі клубтар қызметіне тыйым салынды. Бұл туралы жаңа жарияланған жаңа қаулыда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасына қарамастан конференция, семинар, көрме, форум өтпейді. Сонымен бірге концерт залдары, театр, филармония қызметіне тыйым салынды. Түнгі клубтар жұмыс істемейді. Діни бірлестік объектілерінде (мешіт, шіркеу т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намаз, діни жоралар және т.б.) өткізуге болмайды. Жеке кездесулер өткізуге де тыйым салынады. Ашық ауада және үй- жайлардың ішінде отбасылық, еске алу, салтанатты басқосу өткізуге болмайды.

Қаулы мәтініне сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат.
Айта кетейік, қоғамдық тамақтану орнында бір үстел басында тек төрт адам отыруы тиіс. Жаттығу кезінде ұлттық құрама сапындағы спортшылар санын 30-дан аспауы керек.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар