Ақтөбеде коронавирус анықталған үшінші науқас Мысырдан келген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде індет жұқтырған үшінші тұрғын анықталды. Ол Алматы арқылы Мысырдан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше кешкілік үшінші адамнан коронавирус инфекциясы тіркелді. Ер адам 13-19 наурыз аралығында Мысырда болып, 19 наурызда Алматыға келді. Алматыдан 20 наурыз күні Ақтөбеге ұшып келіп, үй карантинінде болды. Ал 29 наурыз күні қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, жедел жәрдем шақырды. Одан бірден анализ алынып, індет анықталды. Инфекциялық ауруханада арнайы боксқа жатқызылды. Үйіндегі анасы да провизорлық госпитальге жатқызылды, Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ем қабылдап жатыр», - деді облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, бортта онымен бірге 21 адам болған. Оның бәрі анықталды, анализ алынды.

«Ұшып келген кезде одан анализ алынды. Бірақ теріс нәтиже көрсетті. Арада уақыт өткенде вирус белгісі көрінді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.


Соңғы жаңалықтар