+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

2020 жылғы 26 наурыз 01:18
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Қарғалы аудандық полиция бөлімі жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл тұрғыны Қостанай облысында коронавирус жұқтырды деген ақпарат – фейк Қазір коронавирусқа қатысты фейк жаңалықтар өте көбейіп кетті Қызылордада коронавирус жұқтырған адам тіркелді деп жалған айтқан тұрғын анықталды

WhatsApp және өзге де мессенджер арқылы жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ер адам таңертең тұрған кезде аула ішінде арнайы киім киіп, дезинфекция жасап жүрген адамдарды көрген. Сөйтіп балалардың ойын алаңындағы залалсыздандыру жұмыстарын видеоға түсіріп, туыстарына «Бадамша ауылында коронавирус анықталды» деп жазып жіберген. Күдіктінің кім екені анықталды, ол кінәсін мойындады, өкінетінін айтты. Қазір әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жеткшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция күн сайын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Сондықтан кез келген ақпаратты таратпас бұрын алдымен оның рас, өтірігін ажыратып, анықтауды еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT