Ақтөбеде қызға зорлық көрсеткен күдікті оқиға орнында ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Елек өзенінің жағасында көлік ішінде қызға зорлық көрсеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 шілде күні болған. Полиция қызметкерлері Елек өзені бойында тұрған көлікке баса назар аударған. Сол кезде көлік ішінен бір қыз жүгіріп шығып, өзін зорлағанын хабарлады.
«Оқиға орнында күдікті мен көлік жүргізушісі ұсталды. Олар №3 Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен (»Зорлау«) іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Күдіктілер үйқамаққа алынды. Тергеу кезінде іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігіне қайта өзгертілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, қылмыстық іс облыстық ПД бастығының бақылауына алынды.


Соңғы жаңалықтар