Ақтөбеде лауазымды өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі екі есе артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жылды қорытындылады.

Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану 2018 жылмен салыстырғанда екі есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жемқорлыққа бейім саланың бірі - білім. Облыстық білім басқармасының қызметін талдау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қамтып отырған колледж емтихан сұрақтарын өздері бекітіп, сынақты өз ғимараттарында өткізген. Бұл емтихан нәтижелі болуы үшін тиімді жағдай жасау түріндегі тәуекелдер түсіндірілді. ҰБТ өткізу процесіне ұқсас тест қабылдау пункттерінің аудиториялық қорларын пайдалану туралы ұсыныс енгізілді.

Айта кетейік, 2019 жылы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы берудің 5 дерегі анықталды. Оларға 2,5 миллион теңге айыппұл салды.

«Protecting business and investments» жобасы аясында 2019 жылы инвестицияларды қорғау мақсатындағы инвесторлармен жалпы сомасы 598,3 млрд теңгеге 30 келісім жасалды. Бүгінде инвесторлардың 55 мәселесі оң шешімін тапты. Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылы 113 қылмысты анықтады. Өсім бар. 2018 жылмен салыстырғанда тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың 5,6%, өскендігі анықталды, сыбайлас жемқорлық қылмысы 20,3% өсті»,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент жетекшісі Мирлан Мұхамбетов.

Өткен жылы бюджет қаржысын жымқыру және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі артты.

«Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша 43 қылмыс анықталды. 2018 жылы 21 қылмыс болды. Яғни, екі есе артып отыр. Бюджет қаржысын ұрлау бойынша - 38, парақорлық дерегі бойынша 21 қылмыс тіркелді. Облыста барлығы 53 мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапқа тартылды», - деді Мирлан Мұхамбетов.





Соңғы жаңалықтар