+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ақтөбеде майдангердің үйінің алдында оркестр ән шырқады

2021 жылғы 5 мамыр 01:37
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде майдангердің үйінің алдында оркестр ән шырқады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әскери оркестр 95 жастағы ардагердің үйінің алдында соғыс жылдарының әндерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Щучьедегі соғыс ардагерлерінің мемориалдық ескерткіші жаңартылды Лондонда ерлікке тағзым етілді Терентий Сукач ұрыста жараланған 27 сарбазды майдан шебінен аман алып шыққан

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты соғыс ардагеріне құрмет көрсетті. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған шара кезінде әскери институт оркестрі өнерін ұсынды. Олар Ақтөбе қаласындағы Шернияз көшесінде тұратын соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Михаил Диденкоға барды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Ал ардагер әнді балконда тұрып тыңдады.


«Біз жыл сайын соғыс ардагеріне құрмет көрсетеміз. Бұл, жас ұрпақтың парызы деп есептейміз. Қазір санитариялық талапты сақтау маңызды. Сондықтан соғыс әндері тек аула ішінде орындалды. Биыл ардагер 95 жасқа толды. Ол Қызыл жұлдыз орденімен, бірнеше медальмен марапатталған», - деді облыстық ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында биыл соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңге бөлінді. Өңірде барлығы 20 ардагердің көзі тірі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT