+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ақтөбеде мектеп-интернат оқушысынан COVID-19  анықталды

2021 жылғы 7 сәуір 20:44
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мектеп-интернат оқушысынан COVID-19  анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істеп тұрған мектеп-интернаттағы бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде полиция қызметкерін жүк көлігі қағып кетті «Ashyq» : Ақтөбеде 200-ден астам бизнес субьектісі жұмысын кедергісіз жүргізе алады Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр

Бір сыныптың оқушылары онлайнға көшіріліп, өзгесі дәстүрлі оқу форматында білім алып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Білім-Ақтөбе» мектеп-интернатының оқушылары арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық ауру ошағында дереу эпидемияға қарсы іс-шара жүргізді.

«Бір оқушы мен байланыста болған 12 бала оқшауланды, медициналық бақылауға алынды. Бір сыныптың оқушылары 14 күн бойы онлайн білім алады. Өзгесі оффлайн оқуды жалғастырады. Мектеп-интернаттың барлық тәрбиеленушісі медициналық бақылауға алынды. Олардың температурасы күніне екі рет өлшенеді. Мұнда карантин, ешкім үйіне жіберілмейді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Қазір мұнда 188 бала оқып жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте өңірде тағы 121 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 93-і вирустың симптомды түріне шалдыққан. Әдеттегідей басым бөлігі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Сонымен бірге Ойыл ауданынан өзгесінде де бірер адам ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Қазір 3 мыңға жуық адам карантинде. Олар екі апта үйден шықпай, дәрігер бақылауында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT