Ақтөбеде мектеп оқушысы мотоциклмен аударылып, көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер жазда мотоцикл, квадроцикл, скутер мен мопед айдап, жол-көлік оқиғасына тап болып жатады. Кәмелет жасқа толмаған балалар жол ережесін жете білмейді, кейде мән бермейді. Салдары қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.

«Шалқар ауданы, Базой ауылының 15 жастағы тұрғыны «Иж Планета–5» маркалы мотоциклді айдаған. Ол басына арнайы баскиім кимеген. Базой ауылынан 3 шақырым ұзап, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан аударылып, дене жарақатымен ауылдағы емхананаға түсті. Ол сол жерде көз жұмды.

Балаға алдымен жол ережесін түсіндіріп, содан кейін ғана велосипед, мотороллер сатып алуыңыз керек. Бұл – ата-аналарға ескерту. Жүргізуші кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Ал кәмелет жасқа толмағандар мұны ескере бермейді», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар