Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып, мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 10 жастағы оқушыны көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шамамен жергілікті сағат 15:30-да «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. Жол - көлік оқиғасы кезінде 10 жастағы бала сол жерде көз жұмды», - деді Ақтөбе облыстық полиция дептаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар