Ақтөбеде мектепке құжат қабылдау уақытша тоқтатылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бірінші сыныпқа қабылдау кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі ұйымға, мектепке қабылдау да 1 тамызға дейін уақытша тоқтатылады. Себебі емханалардың карантинге жабылуына байланысты балалардың денсаулығы туралы 026/у және 063/у секілді анықтамаларын алу мүмкін болмай отыр. Құжат тапсырып үлгермеген ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғаннан кейін балалар мектепке дейінгі ұйымға, мектепке қабылданады. Барлығы балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Сонымен бірге консультациялық көмек көрсету үшін білім басқармасының жедел желі, сенім телефондарына 55-17-92, 54-03-52, 8-702-031-25-22, басқарма басшысы Л. Оразбаеваның 8 701 722 05 63 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады», - деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.

Еске салсақ, балабақшалар жұмысы 25 маусымнан бастап тоқтатылады. Кезекші топтар да жұмыс істемейді.


Соңғы жаңалықтар