+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақтөбеде мүгедек қызды зорлаған туысы ұсталып, іс сотқа жолданды

2020 жылғы 14 қаңтар 14:12
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мүгедек қызды зорлаған туысы ұсталып, іс сотқа жолданды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ІІ топ мүгедегін туысы зорлап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды полицейлері 7 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні ізін суытпай ұстады Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды Ақтөбеде қыз зорлаған күдіктілер қамауға алынды

«Немолчи» қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жәбірленушінің туыстары хабарласып, көмек сұрағанын жазды.

«1966 жылы туған ер адам мүмкіндігі шектеулі туысының үйіне барып, оған қамқор болып, массаж жасауға көмектесіп жүрген. Ол осы жағдайды пайдаланады деп ешкім ойламаған. Жәбірленуші туабітті сал ауруына шалдыққан, құлағы естімейді. Деменция ауруымен есепте тұр, басқа да түрлі психикалық дерті бар. Бір күні анасы қызына туысының келгені ұнамайтынын, оны көрсе мазасы кететінін байқайды. Ым тілімен сөйлесе келе мән-жай белгілі болды. Кейін сурдоаудармашының көмегімен барлығы анықталды. Сот-медициналық сараптама кезінде де туысының іс-әрекеті нақтыланды. Ал туысы мұндай жағдай тек бір-ақ рет болғанын, қыздың өзі жабысқнын айтады», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілген.

Іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қозғалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT