Ақтөбеде облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Асланбек Шүйіншалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев 2012 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Заң бакалавры» мамандығы, 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілін 2007 жылы Алға аудандық қаржы бөлімінің іс жүргізушісі болып бастады. 2007-2012 жылдары Ақтөбе облысының балалар құқығын қорғау департаментінде жетекші маман, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша халықаралық инспекциясында бас маман болды.
2012-2020 жылдары Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Бадамша ауылдық округінің әкімі, Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппаратында өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Ақтөбе облысының әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету бөлімін басқарды.

Соңғы жаңалықтар