Ақтөбеде облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы болып Жолдас Батырхан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдас Батырхан Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған.​

Еңбек жолын 1998 жылы Темір ауданы Сарытоғай орта мектебінде​ бастады. Түрлі жылдары Темір ауданы​ №6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің​ директоры, Темір ауданы Тасқопа ауылдық округінің әкімі,​ Темір ауданы Шұбарши ауылдық округінің әкімі, Темір аудандық білім бөлімінің басшысы, Темір ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып қызмет етті. Сонымен қатар, Темір ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. Бүгінге дейін Темір ауданының әкімі болды.

Айта кетейік, кеше Темір ауданының әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар