Ақтөбеде облыстық ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Құсайын Сәрсембай тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрсенбай Ескендірұлы 1961 жылы қараша айында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» , Қазақ-орыс халықаралық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 1984 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Тоғыз совхозында мал дәрігері болып бастады. Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Тоғыз ауылдық округінің әкімі, мал шаруашылығы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып бүгін Исатай Еспағанбетов тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар