Ақтөбеде өкпесі қабынғандар саны 6 есе өсті: Оларды туберкулез диспансерінде емдейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 1200-ден астам адам өкпенің қабынуы дертімен ауруханаға түскен. Қазір өңірде қосымша стационар дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкпенің қабынуы дерті 15 маусымнан бастап көп тіркелді. Маусым айының алғашқы аптасынан бері науқастар саны 6 есе өскен. Науқастар үшін ауруханалардың бәрі дайындалды. Қазір туберкулезге қарсы диспансерге дезинфекция жасалып, онда жатқан адамдардың кейбірі үйіне шығарылды. Ал 55 адам Темір ауданы диспансеріне жіберілді. Оларға қажетті дәрігерлер де ауданға барып, ем жүргізеді. Өзге дәрігерлер жұмысын жалғастырады. Диспансер ертең қабылдауды бастайды. Мұнда 400 кереует бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, бұған дейін өкпенің қабынуы дертінен 18 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте тағы 4 адам қайтыс болды.

Қазір 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар