Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде оқитын оқушы қызға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірқатар БАҚ-та жарияланған мәліметке сүйенсек, оқиға 12 желтоқсан күні түс мезгілінде болды. Белгісіз ер адам 9 жасар оқушы қызды өз үйінде зорлаған. Пәтер есігін алдап аштыртқан. Полиция қызметкерлері қазір теміржол вокзалы маңын бақылауға алды.

«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты ашуға, сондай-ақ оған қатысы бар күдікті азаматты ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығының өзі басқарды. Оған қоса тәжірибелі қызметкерлер тартылды», - деп хабарланды облыстық Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Соңғы жаңалықтар