Ақтөбеде өзбекстандықтар мінген автобус қар құрсауынан шығарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус қар құрсауында қалды. Өзбекстандықтар мінген автобус ішінде үш бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қаңтар күні сағат 11:55-те Мәртөк аудандық құтқару бекетіне ауыл тұрғыны хабарласты. Мәртөк ауданы, Байнасай ауылы маңында «Neoplan» маркалы автобус жолда қалған. Жолды ашуға жауапты мердігер компания, К-700, учаскелік инспектор барып, автобус ішіндегі 57 жолаушыға көмектесті. Оның үшеуі - бала.

«Бәрі - Өзбекстан азаматы. Арасында 7 әйел бар. Ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус бұзылмаған. Олар ыстық тамақтан да бас тартты. Тек қар құрсауынан шығуына көмек көрсетілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.





Соңғы жаңалықтар