Ақтөбеде полиция бастығының орынбасары үйлерді аралап жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы үйлерді аралап халықпен кездесті, жолда жүргізушілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13-14 қыркүйек аралығында өңірде «Жолдағы қабылдау» шарасы өтіп жатыр. Жыл басынан бері мұндай қабылдау жеті рет өткізіліп, 7 мыңнан астам адамның өтініші, арызы қабылданды. Олардың әрқайсысы нақты жауабын да алды.

«Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бірінші орынбасары Қанат Әлиев пен әкімшілік полициясы, жергілікті полиция мен көші-қон қызметінің бастықтары тұрғындар көп жиналатын орындарда қабылдау өткізді. Азаматтар алдын ала жазылмай-ақ бірден полиция қызметінің бастықтарынан өздерін толғандырған түйткілді мәселелерді сұрады. Шараға әкімдіктің өкілдері мен жеке пәтер иелері кооперативтерінің басшылары қатысты. Негізінен сауалдар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы көлік тұрағы мен жол қозғалысы ережелерінің белгілері орнатылмауына қатысты болды. Көлік тіркеу де өзекті. Қазір Ресей мен Армениядан тасымалданып жатқан көлік көп, оны тіркеу мәселесі жүргізушілерді алаңдатады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жергілікті полиция қызметі қаланың көп қабатты үйлер орналасқан сегіз мекенде тұрғындарды қабылдады. Тұрғындар қоқыс шығару, көлік тұрағы, балалар алаңы туралы шағымдарын айтты. Учаскелік инспекторлардың жұмысын одан әрі жетілдіру жайы да назарға алынды. Әрі сауалдар нақты шешілуі үшін Ақтөбе қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөліміне жолданды.


Соңғы жаңалықтар