Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің 90% вакцина алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде вакцинация пунктілерінің саны артты. Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті жеке құрамының 90% вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері вакцина қабылдауды наурыз айында басталды. Бүгінде 2 мыңнан астам құқық құрғаушы вакцина салдырды.

«Мен вакцинаның екі компонентін де салдырдым. Денсаулығым жақсы. Сондай-ақ менің отбасым менен үлгі алып, екпе алды. Бүгінде тәртіп сақшылары азаматтардың алдыңғы шебінде жүр және тұрғындарды, жақындарын және өздерін қорғауға дайын екендіктерін көрсетуі тиіс», – деді облыстық ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

Айта кетейік, 7-10 мамыр күндері аралығында сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін Ақтөбе қаласындағы Орталық базар, стадион, супермаркет, гипермаркет алдында және №71, 5 мектептер алдына жылжымалы медициналық кешен қойылады.

Сонымен бірге Ақтөбе қаласының барлық емханасында вакцинация пунктілері жұмыс істейді.

Барлық екпе алушыларға «Спутник V» вакцинасы салынады.


Соңғы жаңалықтар