10:54, 04 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Ақтөбеде республикалық тасжол қайта ашылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Самара – Шымкент тасжолының бір бөлігі қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Самара – Шымкент тасжолының Хромтау қаласынан Ырғыз ауданы орталығына дейінгі аралығы қайта ашылды. Қазір жеңіл және жүк көліктері үшін еш кедергі жоқ.
Айта кетейік, кеше сағат 20:00-де көктайғақ болып, бұл жолдар уақытша жабылған болатын.