Ақтөбеде шошқа фермасының жұмысшыларына бос орындар ұсынылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шошқа фермасының жұмысшыларына бос орындар ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі шошқа фермасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Мұнда көң шығаруға болмайды, лас суды төгуге рұқсат жоқ.

«11 сәуір күні шошқа өлімі тіркелді деген хабарлама түсті. 12 сәуір күні сағат 8:30-да ветеринарлар барып, кіре алмады. Сол күні 16:00-де кіріп, материал алды. Сынама зертханаға жеткізілді. Өлім себебі анықталады. Мұнда жануарды жоюға арналған орын бар», - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев.

Серіктестікте барлығы 400-ден астам адам жұмыс істейді. Тек 152-і келісімшарт негізінде еңбек етеді.

«Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру орталығы бос жұмыс орындарын ұсынды. Шаруашылық жұмыс тоқтатса, жұмыс ұсынылады. Ал келісімшартсыз жұмыс істеп жүрген адамдарға әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындарын ұсынамыз. «Еңбек» бағдарламасы аясында қайта даяурлауға жіберіліп, несие беру, кәсіп ашу тетігі түсіндіріледі. Талап бойынша жабылатын компания бір ай бұрын хабар лама беруі керек. Серіктестіктен ешқандай хабар келмеді», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйрестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова. Сонымен бірге адамдар Ақтөбе-Қандығаш тасжолын салу кезінде құрылыс жұмыстарына да тартылатын болады.


Соңғы жаңалықтар