Ақтөбеде Тәжікстан азаматының неден көз жұмғаны белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара – Шымкент» тасжолында қалып қойған автобус жолаушысының жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 қараша күні сағат 06:40-та автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылды. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобуста болған. Денесі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Нәтижесінде жолаушының жүректің ишемиялық ауруынан жан тапсырғаны белгілі болды. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі мен үсік шалу жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі 63 жастағы Хучамурод Баеновтың өлім себебі анықталып жатқанын хабарлаған болатын.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы екі Тәжікстан азаматы денсаулығына шағымданған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар