Ақтөбеде тексеру комиссиясын мейрамханаға апарған басшы тәртіптік жазаға тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерік Бұхарбаев Ұлттық тестілеу орталығынан келген комиссия мүшелерін қонақүйге апарып, мейрамханада тамақтандырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан келген комиссия мүшелерін күтіп алып, бар жағдайын жасаған Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерік Бухарбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралады. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың 31 мамыры мен 7 маусымында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Қобландин мектеп директорларының қатысуымен ҰБТ өткізу туралы жиналыс жасайды. Кейін директорларды бөлек алып қалып, ҰБТ орталығынан комиссия келетінін, аудандағы білім сапасын оңтайлы шешу үшін күтіп алу шарасын ұйымдастыруға ақша жинауға нұсқау берген. Әрі мектеп директорларына 100 мың теңгеден жинауға ауызша тапсырма жүктеген. Қандыағаш қаласының № 5 орта мектеп және Ембі қалалық № 4 мектеп директорлары аудан әкімінің орынбасары Қобландиннің ісі заңсыз екенін түсініп, оған қарсы шара қолдану үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне арыз түсіреді. Қазір Қобландинге қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.

«Ерік Бұхарбаев осы жылдың маусым айында Ұлттық тестілеу орталығынан келген комиссияны күтіп алып, моншада шомылу, мейрамханада ас ішу қызметінің бәрін өзіне қарызға жаздырған. Сұлтан қонақ үйінің әкімшісі Өтемұратова, «Алтын орман» мейрамханасының әкімшісі Қазина, Дастархан мейрамханасы мен Нұрсәт моншасының әкімшісі Қадыралиева тапсырысты алдын ала бергенін, қызмет үшін төленетін ақшаны өзіне қарыз етіп жаздыруды сұраған айтты. Ол комиссия мүшелерін 18 маусымда күтіп алып, 22 маусымға дейін бірге жүрген«, - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент бас маманы Қайрат Акиев.

Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерік Бухарбаев өз кінәсін мойындағанымен, мұны қазақы қонақжайлылық деп айтты.

»14 адамды күтіп алып, мейрамханаға апарып, есепті өз атыма жаздырғанымды мойындаймын. Мен бұған дейін басқа сала қызмет еткен болатынмын. Сәуірде білім бөлімінің орынбасары болдым. Сол кезде ҰБТ дайындық жүріп жатты. Қарсы алу, бірге болу маған жүктелген. Бірінші рет осындай жағдайға тап болдым«, - деді Ерік Бухарбаев.

Әдеп кеңесі Ерік Бухарбаевты қызметіне толық сай емес түріндегі ескерту берді.

Соңғы жаңалықтар