Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі 33 адамды құтқарды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде демалыс күндері көлік пен жолаушы қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен демалыс күндері ауа райы күрт құбылып, боран соқты. Облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жабылды. Облыстық ТЖД ескертуін елемегендері жолға шығып, оларға құтқару тобын жіберуге туралы келді.

«ТЖД және жол қызметінің күшімен қар құрсауынан 33 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала. Мәселен,Ырғыз ауданы Құрылыс кентінен шыққан жеңіл көлік «Самара-Шымкент» трассасына жетпей, қар құрсауында қалды. Нәтижесінде «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ның қызметкерлері көмекке барып, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал Хромтау ауданы Никельтау ауылы маңында 5 көлік тұрып қалды. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 29 адам құтқарылды, оның төртеуі бала. Сондай-ақ Қарғалы ауданында жүкті әйелге дәрігерлер жеткізіліп, ол ұлды болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Мәртөк ауданында бақташы мал іздеп шығып, адасып кеткен. Онды да құтқарушылар тауып алды.


Соңғы жаңалықтар