Ақтөбеде ұн комбинаты тәулігіне 370 тонна өнім шығарады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Жаңа-Әлжан» ұн-диірмен комбинаты еліміздің 10-нан астам өңіріне ұн тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы ұн комбинаты жергілікті сұранысты ғана емес, өзге өңірдегі тапсырысты да жеткізеді. Кәсіпорын жұмыс кестесін сақтап, халықты тұрақты табыспен қамтып отыр.

«Тұрғындардың «ұн, макарон өнімдері жетпейді« деп алаңдауына еш негіз жоқ. Компания еліміздің 10-нан астам облысына ұн және макарон өнімін жеткізіп отыр. Соның ішінде Ақтөбе облысы мен қала тұрғындарына жетеді. Шикізат бар. Ішкі нарықты қамтуды жалғастыру үшін сақтық шарасы қолға алынған. Қазір төрт сұрыпты ұн шығарылып жатыр», - деді ұн-диірмен комбинатының бас директоры Бекнұр Бейіс.

Мұнда тәулігіне 500 тонна бидай тартылып, 370 тонна ұн шығарылады. Комбинатта 250 адам тұрақты жұмыс істейді. Жұмыс орны қысқартылмайды. Төрт ауысыммен еңбек етіп жүрген адамдарды қызметтік көлік тасымалдайды.

«Сауда орындарына ұн мен макарон өнімі дер кезінде жеткізіледі. Әлі де өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар», - деді диірмен комбинатының басшысы Марат Жұмажанов.


Соңғы жаңалықтар