Ақтөбеде үй өртеніп, бір адамның мүрдесі табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 наурыз күні сағат 01:47-де Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД 26 қызметкері мен 6 техникасы жіберілді.

«Кезекші өрт сөндіру қызметі сағат 02:18-де оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі 25 км қашықта орналасқан болатын. Өртке қарсы қызмет оқиға орнына жеткенде үй толық отқа орынған болатын. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткенде сөндірілді. Үйдің қабырғалары шпалдан, шатыр да ағаштан. 57 жастағы үй иесінің жанып кеткен мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп деді Ақтөбе облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.


Соңғы жаңалықтар