Ақтөбеде волонтер мемқызметшілердің пулы құрылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер волонтерлер қатарына қосылып, қоғамдық жұмысты күшейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев корпоративтік волонтерлікті дамытуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар бастаманы қолдап, жұмысты бастап кетті. Ақтөбеде ерліктердің пулы құрылады. Волонтер болуға ешкім мәжбүрлемейді, қатарға белсенді азаматтық ұстанымы бар мемлекеттік қызметшілер алынады. Олар кез келген қоғамдық шараға ерікті түрде қатысып, негізгі жұмысын қатар алып жүреді.

«Бастамаға қолдау көрсетіліп, жұмыла жұмыс істеуге дайын отыр. Мемлекеттік қызметшілер қоғамның бір бөлігі ретінде әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуден тыс қалмауы тиіс. Өзім осы пулға кіруге дайынмын және игі істер жасауға әріптестерімді де шақырамын», - деді Ақтөбе облыстық Мемлекеттік қызмет ісері департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке орналасу кезінде конкурстық комиссия волонтерлік, қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын азаматтарды ескереді.

Соңғы жаңалықтар