Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеның Қандыағаш қаласында жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы қылмысты, жол-көлік оқиғаларын, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балаларды бақылауда ұстаудың маңызы зор екенін ескертеді.

«1 тамыз күні сағат 23:10-да Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түсті. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғынын ұстады. Қылмыстың себебі анықталып жатыр. Осыған байланысты полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ата-аналардың немқұрайлығы көбіне кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауына себеп болып жатады.

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектептің негізгі міндеті. Кейде балалар кішкентайынан қылмыстық әрекетке барып жатады. Сондықтан қылмыс пен құқық бұзушылықтың ата-ана, мұғалім және полиция қызметкерлерінің міндеті», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.


Соңғы жаңалықтар