Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан оқушы қызды көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – 4 қараша күні Ақтөбе қаласы маңында УАЗ автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 11-сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қарғалы ауылында болған.

«УАЗ -3163» автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен 8-наурыз көшесі жағынан Матросов көшесіне қарай «Геолог» мәдениет үйіне қарама-қарсы келе жатып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні өткізбей қойған. Зардап шегуші кәмелетке толмаған, 11 сынып оқушысы болып шықты», - деді облыстың ПД баспасөз қызметі Ерболат Сарқұлов.

Жол апаты салдарынан жасөспірім қыз Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Авторы: Самал Ендібаева


Соңғы жаңалықтар