+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

2021 жылғы 4 мамыр 13:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент халықаралық тасжолында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Жайыққа батқан 8 жасар бала құтқарылды Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады Жамбыл облысында жоғалған сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін табылды

Самара-Шымкент тасжолындағы жол апаты 3- мамыр күні сағат 11:30-да болды. «ВАЗ-2105» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі «Тұлпар» кемпингінің жанында «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші де Қызылорда облысының тұрғыны.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін Ақтөбе-Орынбор тасжолында да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT