Ақтөбеде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық​ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметіне Баянбек Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баянбек Қырықбаев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін​ бітірген.​

Еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте құқықтану пәнінің мұғалімі болып бастады.

Әр жылдары БҚО Ақжайық​ ауданының әділет басқармасында​ жетекші​ маман,​ Ақжайық​ ауданының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау​ басқармасында​ бас​ маман, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жер қатынастары басқрамаларында бас маман, «Ақтөбе жер ғылыми-өндірістік орталығы» мемлекеттік кәсіпорынында заң, жерге орналастыру құжаттамасын бақылау және мемлекеттік жер кадастр бөлімінің бастығы ​болды.

Кейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-тексеру бөлімінің бас инспекторы,​Қобда ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын​ атқарды.​

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін​ Ақтөбе облысы әкімі​ аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар