USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

2021 жылғы 3 желтоқсан 12:35
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзып, аялдама павильонына барып соқтығысты. Салдарынан өзі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ жағалау күзеті Флорида маңында суға батқан қайықтағы 39 адамды іздеп жатыр Оңтүстік-Қытай теңізінде F-35 жойғыш ұшағы апатты жағдайда қонды Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BMW» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы №7 клиника-диагностикалық орталық алдында тұрған аялдама павильонына барып соқтығысты.

«Жүргізуші Ақтөбе әуежайынан шығып, жолда №7 КДО маңында жол-қозғалысы ережесін бұзған. Ол жол белгісін сындырып, автобус аялдамасын қиратып кеткен. Салдарынан өзі Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде қан сынамасы алынып, тексеруге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Абырой болғанда жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT