+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған

2021 жылғы 22 қаңтар 21:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы автопарктері 400-ге жуық экологиялық автобус сатып алмақ Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Патрульдік полиция қызметкерлері «Ақтөбе-Орск» автожолында Украинка ауылынан Ақжар ауылындағы мектепке қатынап оқитын оқушылар автобусын тоқтатты.

Құжат тексеру кезінде мектеп автобусы жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін 1 жыл 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

«Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» қоғамдық көлігінің тағы бір жүргізушісінің заңға бағынбағанын анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. «Автобус» жедел алдын алу шарасы кеше басталды. Екі күнде 240 бұзушылық анықталды. Оның 12-і жылдамдықты арттырса, 40-ы көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланған.

Айта кету керек, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындар 50-ден астам бұзушылық анықтап, полицияға фото-видео материал жіберді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT