Ақтөбедегі боран: Жеңіл көліктерге жол ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сағат 17:00-де жеңіл көліктерге «Самара - Шымкент» тасжолымен жүруге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктер қар құрсауында қалған кезде 15 патрульдік қызмет үздіксіз жұмыс істеді.

«Жергілікті полиция қызметі мен Ырғыз, Әйтеке би аудандарының полиция бөлімінен мамандар жіберілді. Боран мен көктайғаққа байланысты Ырғыз ауданындағы қиылыста - 200 көлік, Арал маңындағы жолда - 70, Қалыбай ауылы жанында - 20 көлік тұр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, жеңіл көліктер қозғалысына рұқсат берілді.

Еске салсақ, қар құрсауында қалған көліктердің 98 пайызы қысқы доңғалақ салмай жолға шыққан.

Соңғы жаңалықтар