Ақтөбелік еріктілер көпбалалы отбасына үй салып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Volonter-2020» еріктілер тобы Рамазан айында көпбалалы отбасына үй салуды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Volonter-2020» еріктілер тобында 60-тан астам адам бар. Олардың қатарында қарапайым студенттермен қатар жұмысшы жастар да жүр. Волонтерлер бір айдың ішінде көпбалалы отбасына арналған үйдің іргетасын құйып, қабырғасын тұрғызуды жоспарлап отыр.

«Көпбалалы отбасы өтініш айтып, бізге хабарласты. Олар саяжай аумағынан бірнеше жыл бұрын бір бөлме салып алған. Бірақ құжаттары да реттелмеген екен. Отағасы жалдамалы жұмысшы, әйелі бала күтімімен үйінде. Төрт баланы тәрбиелеп отыр. Бір қиыны, өте жұпыны тұрады. Ішерге асы, киерге киімі жоқ. Сол көріністі көріп, біз көмектесуді ұйғардық. Әлеуметтік желідегі парақшамыз арқылы ақтөбеліктерді қайырымды іске қолұшын созуға шақырдық. Түскен қаржыға құм, цемент, тас жеткізіп, алғашқы қадамды бастап кеттік. Біз көптің көмегімен бір айда үй салып беруді жоспарлап отырмыз», - деді велонтерлер тобының төрағасы Нұрбек Жалғасбаев.

Айта кетейік, еріктілер тобы еліміздегі төтенше жағдай кезінде 55 отбасына азық-түлік пен 400-ге жуық бетперде таратты.


Соңғы жаңалықтар