Ақтөбелік мұғалімдер ревакцинациядан өтіп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бұған дейін түгел вакцина салдырған ақтөбелік мұғалімдер қазір ұжым болып, ревакциналаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы мектептерде мұғалімдерді ревакциналау жалғасып жатыр. Мобильді топтар білім ордаларына арнайы барып, бұған дейін вакцинаның екі компонентін қабылдаған, арада алты ай өткен ұстаздарға вакцина салды. №21 гимназиядағы 67 мұғалімнің 22-і бүгін иммундау шарасына қатысты.

«Өзім дене тәрбиесі пәнінің мұғалімімен. Балалармен тығыз байланыста болғандықтан қауіпсіздікті бірінші орынға қоямыз. Сондықтан ұжым болып сақтануды жөн деп таптық. Бүгін ревакциналаутен өттім. Вакцинаның кері әсерін сезбедім», - деді мұғалім Жамбыл Махамбаев. Ұстаздардың кейбірі Спутник V вакцинасынан кейін Спутник лайтты салдырды. Ал кейбірі өзгерісін таңдады. №21 мектеп гимназияда 1600-ден астам оқушы болса, оның тең жартысына жуығы онлайн білім алып жүр.

«Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектебіміздегі 100-ден астам мұғалімнің бәрі вакцина салдырды. Ревакцинация кезеңіне жеткен 60-дан астам педагогтың 58-і үшінші компонентті қабылдады. Білім алушыларға келер болсам, 47 жоғары сынып оқушысы Pfizer қабылдады. Мектепте қазір барлық санитарлық талап сақталған. Оқушы кіріп-шыққанда дене қызуы өлшенеді және әрбір сыныптың журналына жазылады. Мұғалімдер «Ашық» қосымшасын пайдаланады және олар да дене қызуын өлшейді. Бір сынып, бір кабинет жобасы бойынша жұмыс істеп жүрміз. Яғни, балалар кабинеттерін ауыстырмайды. Үзіліс уақыттары да әртүрлі. Екі сабақ сайын кабинет жуылып, тазартылады», - деді №21 мектеп гимназиясы директорының орынбасары Гүлжанат Әли.

Айта кетейік, №69 мектепте де ревакциналау жүрді. Ұжым мобильді топты шақырып, мектеп ішіндегі екпе кабинетінде вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар