-
ОНЛАЙН:
Ақтөбелік шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында гір спортынан ересектер арасында ел біріншілігі аяқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде Гір және қол күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшы қатысады. Олардың арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар. Жарысқа қатысушылардың барлығынан ПТР анықтамасы сұралды.
«Ерлер және әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Жастар арасында ерлер 7, ал қыздар 4 салмақта өзара мықтыны анықтады. Армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасты. Жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған. Ақтөбе облысының қоржыны 2 алтын, бір қола бар. Ерлер арасында Евгений Гончаров І-орынды, Айтқали Балтабаев
ІІІ-орынды иеленді. Әйелдер арасында І-орынды Алмагүл Шамгонова алды», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқан.
- Баскетболдан Қазақстан құрамасының FIBA рейтингіндегі орны жоғарылады
- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «30 игі іс» марафоны басталды
- Хоккей: «Барыс» плей-оффтың алғашқы ойынында «Металлургтен» жеңілді
- Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
-
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
-
Теннис: Рыбакина Дохада тартысты матчта қарсыласына есе жіберді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам