Ақтөбенің әкімі індетпен күрес жұмысын түсіндіріп берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфир кезінде коронавирус, пневмониямен күрес жұмыстарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 2 мыңға жуық адам індетке шалдыққан. Соңғы тәулікте 49 адам коронавирус жұқтырды. Сонымен бірге пневмонияға шалдыққандар облыс орталығындағы 6 ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Екінші толқын тек күзде келеді» деген болжамға сүйеніп, соған сай жоспар құрылған болатын. Дейтұрғанмен өмір өз дегенін істеді. Еуропада, Италия, Испания елдерінде болған жағдай бізге келіп жетті. Ең көп алаңдатқаны – пневмонияның өртіп кетуі. Күрделі жағдайда да атқарушы билік шұғыл әрекет жасады. Қазіргі кезде коронавирустан гөрі пневмония алаңдатып отыр. Біріншіден, науқастардың жататын орын санын 50 пайызға, яғни, бастапқыдан үш есеге дейін көбейттік. Қазір облыста 3 300 орын бар. Соңғы аптаның өзінде 924 орындық 3 прозизорлық емдеу орны ашылды. Олар: Аққағаз Досжанова атындағы жатақхана, «Дару» медциналық орталығы, «Шағала» шипажайы. Оның 70 пайызы қолданылды. Тағы 715 кереует бар. Сондай-ақ емханаларда 725 орындық күндізді стационар ашылды. Күніне 150-200 адам ем қабылдайды. Нәтижесінде маусым айында 1 мыңға жуық адам емделіп шықты. Өңірде 150-ге жуық өкпені жасанды желдету аппараты бар. 19 рентген, 15 КТ аппараты бар. Оттекпен толық қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек емдеу орындарында жеткілікті. Ресеймен келісім бар. Бүгін тағы 10 түрлі дәрі жеткізіледі. Біз 14-20 күнге қажетті дәрі-дәрмек қорын жасап алдық», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Індетпен күрес жұмыстарына инфекционистер ғана емес, барлық дәрігер жұмылдырылды. Барлығы 2800-ге жуық медцина қызметкері жұмыс істеп жүр. Сонымен бірге 100-ден астам оқытушы-профессор қызметке кірісті. Медициналық оқу орындарын бітірген түлектерді де түгел осы қатарға қосылған.

«Ауруханаларда орын жетпейді, дәлізде жатып қалған» деген дерек жоқ. Тікелей аралап, науқастармен кездестім. Үйден ем алып жатқандар үшін арнайы call орталық ашылды. Онда оқытушы-профессорлар жұмыс істейді. Тікелей ем жолын айтады. Бейнекеңес беріліп жатыр», - деді Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, маусым айында 120-130 адам пневмониямен ауруханаға түссе, қазір 70-80 адамға азайды.


Соңғы жаңалықтар