Ақтоты Райымқұлова тарихи ғимараттардан мәртебесін алып тастау жайларына алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, бүгінгі күні өңірлерде тарихи-мәдени нысандардың тиісті деңгейде сақталу проблемасы өзекті болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнда келген әріптестерімнің назарын сала дамуындағы бірқатар проблемалық мәселелерге аударғым келеді. Өңірлерде халықтың барлық санатына мәдениет және өнер нысандарына қол жетімділік артып келеді. Ендігі кезекте халықтың осы нысандарға баруын қамтамасыз ету, мәселен, мектеп оқушыларын өз өңірінің киелі жерлерімен таныстырудың кестесі қарастырылуы керек. Бұндай шараларды жалпы ересек азаматтардың мәдени-рухани құндылықтарын арттыру мақсатында еңбек ұжымдарында да қолдануға болады. Жалпы осы жұмыстың нақты тетіктерін анықтауымыз қажет», - деді Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар, министр бүгінгі күні өңірлерде тарихи-мәдени нысандардың тиісті деңгейде сақталу проблемасы өзекті екенін айтып өтті.

«Кей өңірлерде коммерциялық мақсатта тарихи-мәдени нысан болып табылатын ғимараттардың мәртебесін алып тастау фактілері анықталып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар